Валидаттау және верификаттау туралы не білуіңіз керек?

Валидаттау және верификаттау – бұл синоним ретінде жиі қолданылатын екі ұғым болып табылады. Олар шамамен бірдей әрекеттер мен операцияларды орындайды, бірақ бәрібір бір-бірінен ерекшеленеді.
Олардың екеуі де белгілі бір дәрежеде тестілеумен байланысты. Қарапайым сөзбен айтқанда терминдерге келесідей анықтама беруге болады:
* валидаттау (validation) – өнімнің бұрын көзделген барлық стандарттар бойынша жасалғанына сенімділікті білдіреді;
* верификаттау - бастапқыда берілген критерийлерге сәйкес сенімділікті білдіреді.
Клиент (тұтынушы) үшін бірінші, ал өндіруші үшін – екінші ұғым үлкен маңызға ие. Қарастырылып отырған терминдер бірдей болып көрінуі мүмкін, бірақ олар бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл ағылшын тілінен аударғанда айқын көрінеді, мұнда verification - тексеру, ал vaditation – заңды күш беру.