RU KZ EN
Жұмыс кестесі: ПН-ПТ с 9:00 до 18:30
Қайту жаңалықтарға
8.12.2023

Неліктен біздің Академияны таңдау керек?

Неліктен біздің Академияны таңдау керек?

"Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия" ЖШС (бұдан әрі-Академия) бірқатар артықшылықтарға ие:

1. Академия түрлі бағыттар бойынша нағыз мамандарды дайындайды және қайта даярлайды. Оқыту бағдарламалары Сіздің компанияңыздың ерекшеліктеріне сәйкес бағытталуы мүмкін.

2. Біздің оқытушылар құрамы тәжірибелі лекторлардан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторларынан және Қазақстан Республикасының техникалық сарапшыларынан тұрады.

3. Оқыту бағдарламалары тыңдаушылардың нақты сұраныстары негізінде және өзекті стандарттарды ескере отырып әзірленген. Оқу кезінде әрдайым практикалық сабақтарға баса назар аударылады.

4. Академия білім беру бағдарламаларын өтуге мүмкіндік береді:
- офлайн (Академия аумағында немесе конференц-залда);
- онлайн оқыту (білім беру процесі Интернет-ортаға көшіріледі);
- Тапсырыс берушінің аумағында оқыту.

5. Академия клиенттермен жұмыс жасау кезінде икемді саясат жүргізеді. Кәсіпорынға өтінім түскен сәттен бастап сертификат алғанға дейін тыңдаушыларды сүйемелдейтін жеке менеджер бекітіледі.

6. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін (таңдалған бағдарламаға байланысты) белгіленген үлгідегі сертификат беріледі