Валидациялау және верификациялау бойынша халықаралық курс
"Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия" ЖШС Қырғызстан Республикасы Экономика және Коммерция министрлігі жанындағы Стандарттау және метрология орталығы кадрларының біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау орталығымен бірлесіп "Cынау/зерттеу әдістерін валидациялау және верификациялау" тақырыбында семинар өткізілетіні туралы хабарлайды. Аталған семинардың өтетін күні: 2024 жылғы 17-21 маусым аралығында Астана қаласында.
Семинар аясында әдістерді валидациялау және верификациялау тәсілдерін, валидация мен верификация арасындағы айырмашылықты қарастыру көзделген.
Сынақ әдістерінің валидациялық сипаттамаларын зерттеу, сондай-ақ осы сипаттамаларды есептеу бойынша практикалық сабақтар қарастырылған. Сандық және сапалық әдістерді тексеру қарастырылады.
Бұл курс Химиялық, медициналық, құрылыс зертханалары мен бақылау органдарының мамандарына арналған.
Өткізу форматы: офлайн
Оқытуды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 700 248 84 16, 8 (7172) 57 41 05, бойынша эл.пошта basybayeva@atssm.kz.