ISO/IEC 17043:2023 халықаралық стандартының жаңа басылымының жарияланғаны туралы аккредиттелген ұйымдарды (зертханалар, біліктілік тестілерін жеткізушілер, басқа да мүдделі ұйымдар) хабардар етеміз.
Академия ұжымы ISO/IEC 17043:2023 стандарты «Сәйкестікті бағалау – біліктілікті тексеру қызметтерін жеткізушілер құзыретіне қойылатын жалпы талаптар» 2023 жылы жарияланғанын хабарлайды.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қарашасында өткен ILAC Бас ассамблеясы төменде көрсетілгендей, осы қайта қаралған стандарт жарияланған күннен бастап (яғни қазір 2026 жылдың 31 мамыры) бастап 3 жылдық енгізу кезеңін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады:
Резолюция ILAC GA 26.09
ISO/IEC 17043 қайта қаралған нұсқасы 2022 жылы немесе 2023 жылдың басында жариялануы тиіс болғандықтан, Бас Ассамблея жарияланған күннен бастап 3 жыл өтпелі кезеңді қабылдау туралы АӨК ұсынысын мақұлдайды.
Өтпелі кезеңнің соңында біліктілік тестілеу провайдерінің ISO/IEC 17043:2010 аккредитациясы ILAC келісімі бойынша енді танылмайды.