Медициналық ұйымдар үшін
ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыретілікке қойылатын талаптар» стандартының жаңа нұсқасына байланысты кәсіби практикалық офлайн курстарын өткізу туралы шешімді хабарлауға қуаныштымыз.
Стандарттың ISO 15189:2022 нұсқасы 2022 жылдың желтоқсанында жарияланды және ISO 15189:2012 стандартының алдыңғы нұсқасын ауыстырады. Стандарттың жаңа нұсқасы сондай-ақ ISO 22870:2016 стандартының (POCТ) - сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» тармақтарын қамтиды.
Стандарттың жаңа нұсқасына көшу процесі талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін белгілі бір қадамдарды қамтитынын атап өткен жөн. Атап айтқанда, негізгі қызметкерлерді сырттай оқытудан өту, жаңа стандартты енгізу жоспарын әзірлеу және бекіту, медициналық зертхананы басқару жүйесіне өзгерістер енгізу және жаңа стандартқа сәйкестігін бағалауға өтінім беру қажет.
Біздің кәсіби курстарымыз ҚР СТ ISO 15189-2023 стандартына сәтті көшу үшін қажетті толық оқытуды және практикалық білімді қамтамасыз етеді. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін сізге оқуды аяқтау туралы сертификат беріледі. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінде тіркелген оқу орталығы болып табылатын Академия жоғары сапалы мамандар даярлауға кепілдік береді.
Практикалық курс сапа менеджерлеріне арналған.
Күні мен орны: Астана, 26-28.02.2024 ж
Қосымша оқыту: (наурыз айына)
- ҚР СТ ISO 19011-2019 «Менеджмент жүйелерінің аудиті бойынша нұсқаулық» (ішкі аудит)
- ҚР СТ ISO 15189-2023 стандартының талаптарына сәйкес медициналық зертханалардағы тәуекелдерді басқару
Біз сіздің зертханаларыңыздың жаңа стандартқа толық сәйкестігін және аккредитациядан өтуін қамтамасыз ету үшін уақтылы оқытуды ұсынамыз. Медициналық зертхана сапасы мен құзыреттілігі бойынша көшбасшы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және ұсыныстарыңызды талқылауға дайынбыз! Өтініштерді электрондық пошта арқылы жіберу керек.
Сұраныс бойынша біз жергілікті жерде семинарлар ұйымдастырамыз (семинарлардың көлемі аймаққа және қатысушылардың санына байланысты, корпоративтік семинарлар – кемінде 10 адам).